Афинада карантинге байланысты жаппай тәртіпсіздік басталды

Видео кадры

Афинада жаппай тәртіпсіздік басталды. Қала тұрғындары қатаң карантин 6 қаңтарға дейін ұзарғанына наразы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Афинада жаппай тәртіпсіздік басталды. Қала тұрғындары қатаң карантин 6 қаңтарға дейін ұзарғанына наразы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тәртіпсіздік Афинаның солтүстігіндегі Аспропиргос қалашағында болған. Толықтай карантин 17 желтоқсанда Аттика облысының үш ауданында (Аспропиргос, Элевсин және Мандра) енгізілген. Алайда төтенше жағдай бастапқыда 30 желтоқсанға дейін, ал кейін 6 қаңтарға дейін ұзарған.

Реклама
Реклама

Ковид-диссиденттер мен қатаң шараларға наразылар Аспропиргостың Горица ауданында бейбіт шеруге шыққан, оны жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсеткен, сосын қатысушылардың бір бөлігі полицейлерге Молотов коктейльдерін лақтыра бастаған.

"Аудан шайқас алаңына айналды. 10 минут бойында үздіксіз жарылған Молотов коктейльдерінің дыбысы естілді. Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, наразыларды таратуға тырысты", - деп жазады басылым.

Хабарға қарағанда, тәртіпсіздікке шамамен 100 адам қатысқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная