Афина маңындағы орман үш күннен бері өртеніп жатыр

Фото: Тourdom.ru

Афинадан солтүстік-батысқа қарай үш күн бұрын табиғи өрт шықты және әлі сөнген жоқ. Қарағайлы орманның үлкен учаскелері жойылды. Сондай-ақ, Грекия астанасынан шамамен 60 км қашықтықта Вилия аймағында тағы бір үлкен өрт ошағы пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Афинадан солтүстік-батысқа қарай үш күн бұрын табиғи өрт шықты және әлі сөнген жоқ. Қарағайлы орманның үлкен учаскелері жойылды. Сондай-ақ, Грекия астанасынан шамамен 60 км қашықтықта Вилия аймағында тағы бір үлкен өрт ошағы пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше ғимарат зардап шекті. Өрттен шыққан түтіннен Акрополь "жабылып қалды", тіпті аймақта күн көрінбейді. Бұл туралы 18 тамызда "Русские Афины" басылымы жазды.

TourDom.ru куәгерлерден Грекия астанасының 19 тамыздағы жағдайын, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтар өрт салдарынан жайсыздықты сезіне ме - соны сұрады.

Реклама
Реклама

Афинада тұратын marina_athens_art лақап атымен танымал Instagram-дағы блогердің айтуынша, қазір жағдай жақсарып келеді.

"Өрттің үлкен ошақтары сөндірілді. Аздап күл бар, бірақ қорқынышты емес. Барлық жер жұмыс істейді", - деді ол.

Марина сөзін растау үшін Афины шетіндегі Варкиза жағажайынан суреттер мен видео жіберді. Кадрға қарағанда қазір аспан ашық. Күн шығып тұр. Адамдар күнге күйініп, демалып жатыр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная