Адам бойымен бірдей терезелер. Панорамалық пойызда серуендеу қандай әсер сыйлайды?

Панорамалық жедел пойыздар дегеніміз - терезелерінің биіктігі екі метрге жететін жүрдек пойыздар. Шындығында, көліктің көп бөлігін ультрафиолетке қарсы әсері бар ұзыннан-ұзақ терезелер алып тұр. Панорамалық пойызбен саяхаттау - вагоннан шықпай-ақ терезеден әдемі көріністерді тамашалаудың ерекше мүмкіндігі. Kaz.tengritravel порталы Aviata.kz сервисімен бірге ерекше панорамалық пойыздар туралы баяндайды.

Рейтингке туристер үшін ең қолайлы, әрі тартымды пойыздар мен бағыттар кіреді. Төменге жедел пойыздардың қайсысы ұнағаны жайлы пікір қалдыра аласыз.

Рейтинг Echigo-Tokimeki, GlacierExpress, RockyMountaineer ақпараттық порталдар негізінде дайындалды.

Қызықты дерек

Панорамалық терезелері бар пойыздар XX ғасырдың басында пайда болды. Youtube мұрағатынан сіз осындай пойыздың Берлин-Мюнхен бағытында жүрген видеосын көре аласыз. Бұл құрылымның инженерлік-конструкторлық кереметі - мұндай пойыздардағы көрініс тек бір жарым метрлік тереземен шектелмейді. Мұндай вагондардағы терезелер еденнен төбеге дейін пойыздың "үстіңгі жағына" дейін созылады. Әрине, мұндай құрылымның ерекшелігі оны жүрдек пойыздар сияқты сағатына 600 шақырымға дейін жылдамдатуға мүмкіндік бермейді, ол тіпті міндетті емес. Панорамалық терезелері бар пойызбен саяхаттау табиғаттың, сол жердің сұлулығына тамсанғысы келетін туристерге арналған. Сәйкесінше, бағыттар көбінесе ең көркем жерлерден өтеді.

Жапония

Шығыстан батысқа қарай бағыт алсақ. Бірінші аялдама - инженерлік және технологиялық жетістіктерімен танымал Жапония. Сондай-ақ, "Echigo Tokimeki Resort Setsugekka" (аудармасы - "Айдың қарлы гүлі") - "Setsugekka" панорамалық терезелері ыстықтан қорғайтын және сырттан түскен ультрафиолет сәулелерінің 90 пайызын өткізе қоймайтынымен ерекшеленеді. Пойыз ішіндегі барлық қалқандар мен қабырғалар да әйнектен жасалған. Сонымен, сіз жүргізушілердің жұмысын орындықтан тұрмай-ақ бақылай аласыз.


Фото echigo-tokimeki

Екі вагоннан тұратын бұл пойыз 45 орынға арналған. Оған Ниигата қаласынан отыруға болады. "Сэцугекки" бағыты сакура гүлдеген тоғайлар, қар басқан таулар мен жайқалған ну ормандар арқылы жүреді. Сонымен қатар, жолаушылар вагон орындықтарынан бағыттың ең әдемі көріністерін - Миоко тауын, Жапон теңізін, фермалар мен балықшылар ауылдарын тамашалай алады. Вагон-ресторанда да панорамалық терезелер және төрт адамға арналған үстелдер бар.


Фото echigo-tokimeki

Екі вагонда жолаушыларға арналған орындықтар мен француз және жапон тағамдарын ұсынатын мейрамхана орналасқан. Сонымен бірге мәзір қозғалу уақытына байланысты ерекшеленеді, таңертеңгі рейсте олар француз тағамдарын, соның ішінде шарап ұсынады, ал түстен кейінгі рейсте сіз жапондық дәмді тағамдардан ауыз тие аласыз. Мишлен жұлдызды аспаздар ас үйдің мәзірімен жұмыс істейді.

Фото echigo-tokimeki

Машинист кабиналары пойыздың екі шетінде орналасқан және мөлдір әйнекпен бөлінген. Олардың жанында сіз үстелге отырып, тағамға тапсырыс беріп, қызметкерлердің жұмысын бақылай аласыз.


Фото echigo-tokimeki

Бағыттар сапардың уақыты мен айына байланысты Дзецу-Миоко немесе Итоигава станциясынан басталады. Дзецу-Миоко станциясынан жөнелетін пойыздар Жапонияның ежелгі станцияларының бірі - Нихонгидің оңтүстігінде Миококоген станциясына дейін оңтүстік бағытта жүреді. Жол бойында туристерге классикалық темір көпір мен Миоко тауының көріністерін тамашалауға мүмкіндік беру үшін баяулайды. Бұл қарлы аймақта онсэн ыстық су көздері мен тау-шаңғысы курорттары бар. Мұнда қардың көп жауатыны соншалық, бұл бағытта тек жылы мезгілде ғана пойызбен шығуға болады.


Фото echigo-tokimeki

Солтүстікке қарай пойыз теңіз жағасындағы Наоэцу станциясынан өтіп, 40 метр тереңдіктегі Цуцуйсидегі тоннельге тоқтайды және Итоигавада аяқталады.


Видео attJAPAN

Дзецу-Миокодан пойыздар наурыздан желтоқсанға дейін таңертеңгі уақытта жүреді. Сол сияқты, Итоигава станциясынан да бірақ түстен кейін жүреді. Токиодан Дзецу-Миокоға Хокурико Шинкансен станциясынан екі сағатта жетуге болады. Бірақ билеттерді алдын-ала брондау керек екенін ұмытпаңыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?tetsuko? (@tetsuko_dx)

"Біз "Айдың қарлы гүлі" аталатын пойыздың ішінде болдық, ол Жапонияның ішкі көріністерін ұсынады, Дзецу-Миоко станциясынан пойызға отыра салысымен Эчиго балқарағайының иісін сезесіз.

Екі көліктегі орындықтардың түсі әр түрлі болғандықтан, атмосфера да әртүрлі.

Қолайсыз ауа-райында да көрікті жерлер керемет болды. Миоко-Коген станциясында біз бұрылдық, мен жүргізушілердің жұмыс істеуін вагоннан тікелей бақылап отырдым.

Жол жүру уақыты - үш сағат, ал сапарға дейін бұл ұзақ болады деп ойладым, бірақ уақыт жылдам өте берді. Қонақжайлылығыңыз бен дәмді тағамыңыз үшін рақмет! Мен бақылау орнын ұсынамын (төменгі оң жақ бұрышта)",- дейді tetsuko_dx атымен Токио тұрғыны өз әсерімен бөлісіп.

Бағасы:

Бір адамға (салық пен тамақтануды қосқанда) - 17 500 йен (66 150 теңге)

Швейцария

Швейцария сағаттары, банк жүйесі мен шоколадынан басқа, альпілік табиғат көріністерімен де танымал. Панорамалық пойызда "серуендеу" мұнда өте танымал және бүкіл әлем бойынша туристер арасында кең тараған. "Glacier Express" (аудармасы "Мұзды экспресс" швейцариялық Рона мұздығының атауына байланысты) - 90 жылдық тарихы бар пойыз.


Фото glacierexpress

Қызықты дерек

Экспресс өзінің алғашқы рейсін 1930 жылы маусымда жасады. Бағыт Швейцарияның Альпісінде орналасқан ірі таулы курорттардың - Санкт-Морица мен Церматтаның екі теміржол станцияларын біріктіреді. "Glacier Express" "әлемдегі ең баяу экспресс" ретінде танылды және 80-жылдардың басына дейін жазда ғана жүрді, өйткені Фурка асуы қыс мезгілінде қардың салдарынан жабық болатын. 1982 жылы Фурка тоннелінің ашылуы жедел пойыздың жыл бойы сапарға шығуына мүмкіндік берді, ал пойыз туристік пойыз мәртебесіне ие болды. 1993 жылы пойыз ауқымды жаңартудан өтіп, панорамалық терезелер орнатылды. 2021 жылға дейін барлық панорамалық пойыздардың тағы бір күрделі жөндеуін аяқтау жоспарланып отыр.

Аты аңызға айналған Швейцариялық Альпі, Граубюнден мен Вале қорықтық кантондары, ұзын-сонар Фурка тоннелі және таңғаларлық Ландвассер виадугы арқылы сапар жеті жарым сағатқа созылажы. Осы уақыт ішінде сіз 291 көпір мен 91 тоннельді жүріп өтесіз. Бағыттың ең биік нүктесі - 2033 метр биіктікте орналасқан Оберальт асуы.


Фото glacierexpress

Бағыт пен қазіргі өткен жер туралы ақпаратты аудио нұсқаулық арқылы немесе смартфондағы, планшеттегі қосымша арқылы тыңдауға болады (мәзірде жеті тілді таңдауға болады).


Фото glacierexpress

Вагондар үш классқа бөлінеді: екінші, бірінші және Excellence. Соңғысында барлық орындықтар панорамалық терезелерде орналасқан, сонымен қатар мәзірде қосымша тамақтану және аперитивтер бар, сонымен қатар Excellence класс вагонында бар орналасқан. Пандемия кезінде бар қонақтар үшін жабық екенін ескертеміз.


Фото glacierexpress

Сіз күндізгі тағамды 32 долларға (12 917 теңге) немесе комплексті түскі асты 45 долларға (18 165 теңге) тапсырыс бере аласыз.


Видео exploremarco

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Diego Costa (@drdiegoviajando)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Travelbug (@travelbug)

Бағасы:

Вагонның класы мен саяхат маусымына байланысты 33 доллардан (13 321 теңге) * 420 долларға дейін (169 545 теңге).

* пандемия кезеңінде Excellence бағасы 395 швейцар франкіне дейін төмендетілді (168 341 теңге)

Канада


Фото Facebook Rocky Mountaineer

Канада мен оның ғажайып пейзажын көрудің ең жақсы тәсілі - Rocky Mountaineer ("Шыңды альпинист") люкс пойызымен саяхаттау, әлемдегі ең үлкен туристік панорамалық пойыз және сіз саяхат барысында бір уақыт белдеуін еңсеретін ұзақ сапар.

Rocky Mountaineer-де саяхаттағандар Канада табиғатын тамашалау үшін теміржолдан артық жол жоқ деп айтады. Себебі, бұл А нүктесінен В нүктесіне жету ғана емес, бұл теміржол саяхаты сән-салтанат болып саналған күндерден естелік сапар десе болады.


Фото Facebook Rocky Mountaineer

Пойыздың бағыты Батыс Канада арқылы Ванкуверден АҚШ-тағы Банф, Джаспер, Калгари немесе Сиэтлге дейін өтеді. Таңдауға болатын көптеген саяхат түрлері, вагондарда тұру және қосымша қызмет түрі тағы бар.

Жалпы, "Rocky Mountaineer" пойызы үш негізгі бағытта жұмыс істейді:

  • "Батысқа бірінші өткел" Кикинг Хорс өзенінің бойымен өтіп, Банфта аяқталады.
  • "Бұлттармен саяхат" сізді жағалаудағы тау жотасынан және Фрейзер каньонынан алып өтеді. Пойыз Фрейзер өзенінің бағытымен жүреді, содан кейін Солтүстік Томпсонмен жүріп, Джасперге келеді.
  • "Тропиктік орман – Алтын безгек" - бұл Уистлер мен Кенелде аялдайтын Солтүстік Ванкуверден басталатын 3 күндік бағыт. Соңғы аяладама - Джаспердегі терминалдық станция.


Фото Facebook Rocky Mountaineer

Пойыз бортында ашық бақылау алаңы бар - бұл бүкіл әлем туристерінің сүйікті орны. Ашық ауада суық болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз, сондықтан өзіңізбен жылы күртеше ала келіңіз.

Қызмет көрсетудің екі түрі бар - Gold leaf service және Silver Leaf service.

Silver Leaf service - бұл үлкен терезелері және жылытылатын жиналмалы орындықтары бар, бір деңгейлі, күмбезді вагон. Борттағы қонақтарға екі-үш хостесс (компанияның келбеті, оның міндеті - мейрамханаларда, қонақүйлерде қонақтарды қарсы алу) қызмет етеді. Таңертеңгілік және түскі асқа арналған ыстық тамақ беріледі. Сіз алкогольді қосқанда, сусындарды тегін таңдай аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rocky Mountaineer (@rockymountaineer)

Gold leaf service - бұл арнайы жабдықталған, толық панорамалық терезелері бар екі деңгейлі күмбезді вагондар. Егер сіз төрт адам болсаңыз, жататын орындықтар орналастырылуы мүмкін. Борттағы қонақтарға үш-төрт хостесс және аспазшылар тобы қызмет етеді. Төменгі қабатта мейрамхана бар, онда қонақтарға пойызда дайындалған ыстық тамақ, сусындар мен тағамдар ұсынылады. Сіз спиральды баспалдақпен немесе лифтпен жоғары-төмен түсе аласыз.


Видео Youtube Rocky Mountaineer

Жолаушылар табиғат көріністерін тамашалау үшін пойыз тек күндізгі бағытта жүреді. Түнге қарай пойыз қонақтарды қонақүйлерге орналастыратын бекеттерге тоқтайды. Камлупске түнгі аялдама "Батысқа бірінші өткелден" өтіп, "Бұлттармен саяхат" бағыттарында жасалады. "Тропиктік орман – Алтын безгек" бағытында Уистлер мен Кенеллде түнде екі аялдама бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rocky Mountaineer (@rockymountaineer)

Билет сатып алмас бұрын, аялдамалар кезінде сізге серуенге әртүрлі нұсқалар ұсынылады. Экскурсиялардан бастап велосипедпен, автомобильдермен және тікұшақпен жергілікті табиғатта серуендеуге дейін.

Фото Facebook Rocky Mountaineer

Маусым сәуір айының ортасынан қазанның ортасына дейін созылады. "Rocky Mountaineer" апта ішінде шығысқа және батысқа бірнеше рейс жасайды.


видео Youtube Rocky Mountaineer

Саяхатшы Шейла Дэвис Gold leaf service класының қызметі мен Rocky Mountaineer-ден алған әсерімен бөлісті:

"Мен өмірімде ешқашан пойызға отыруға осылайша қуанған емеспін! "Rocky Mountaineer" керемет көріністері сияқты ғажап болды.

Борттағы тағам керемет болды және күні бойы сусындар тегін таратылды. Біздің вагон жаңа шығарылған ең жаңа вагондардың бірі болды, көптеген қосымша мүмкіндіктері бар, жылытылатын орындықтар және барлығына бірдей USB зарядтағыштары ұсынылды. Бізді таңғы асқа вагон-ресторанда екі адамға арналған үстелге алып барды. Үстелде балғын апельсиндер мен мүкжидекті тосап қосылған тоқаштар болды. Келесі күнгі мәзір мүлдем өзгеше болды.

Көрініс өте керемет! Бұл шынымен де ең жақсы әсерлердің бірі болды! Күні бойы табиғат көріністерін бақылай отырып, тыныш отырып демалуға болады немесе тамаша көріністе суретке түсу мүмкіндігі үшін бақылау орнына баруға болады", - деп тамсанды саяхатшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sheila D (@sheila__davies_)

Бағасы:

Бағалар 1 949 канадалық доллардан (580 186 теңге) басталады және таңдалған қызмет түрінен бастап алдын-ала брондалған қонақүйге, бос уақытты өткізу түрлеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.