Абу-Дабидің Саадият аралы бөтелкеге салынған жолдаулар бойынша ең ірі көрінісі үшін Гиннестер рекорды кітабына енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Breaking Travel News басылымына сілтеме жасап.
Рекордтың тіркелуі үшін ұйымдастырушылар париждік Pont des Arts көпірінен шабыт алып, қонақтарды мерекелік шараға шақырып, оларға Саадият аралы туралы шағын хат жазу ұсынылған. Сондай-ақ, қатысушылар өз хатында махаббат туралы да ойын жазған. Осылайша Саадият жағажайында 1 100 бөтелке жиналған, онда әр түрлі хаттар сақталған.
Бір аптадан соң бөтелкедегі хаттар жағажай клубына жеткізілді, онда жергілікті суретші "I ♥ Saadiyat Island" инсталяциясын құрастырған.
Осы акция кезінде қолданылған материалдар - экологиялық қауіпсіз болды: бөтелкелер, қайта өңделетін қағаз және қағаздарды орағанда қолданылатын кендір жіп.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!