Абу-Дабиде туристер үшін жаңа ереже енгізілді

© Shutterstock

Енді Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында жүрген барлық туристер COVID-19 сынақтарынан жиі өтуі керек болады. Жаңа ереже 8 қарашада күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz Travel Daily-ге сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Енді Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында жүрген барлық туристер COVID-19 сынақтарынан жиі өтуі керек болады. Жаңа ереже 8 қарашада күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz Travel Daily-ге сілтеме жасай отырып.

Бұдан былай осы елге келген барлық шетелдіктер, сондай-ақ БАӘ азаматтары әрбір төрт күн сайын коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы керек. Бұл тест БАӘ астанасында төрт күннен артық болатындар үшін міндеттеледі. Егер әмірлікте болу мерзімі сегіз күннен асса, онда Абу-Дабиде болған сегізінші күні де тест тапсыру қажет. Абу-Дабидің Төтенше жағдайлар, дағдарыстар және табиғи апаттар жөніндегі комитеті COVID-19 оқиғаларын ертерек алдын-алу және анықтау шаралары аясында тиісті өзгерістер енгізді.

Реклама
Реклама

БАӘ астанасына 8 қарашаға дейін барғандар бұрынғы ережеге сай тест тапсырады, яғни алты күн сайын. Бұл ретте Абу-Дабиге бару қағидалары сақталады, оған сәйкес теріс ПТР-тест немесе нәтиже алғаннан кейін 48 сағатқа дейінгі мерзімге DPI лазерлік тест қажет.

Айта кетейік, қазақстандықтар Дубайға барғанда ПТР-тест тапсырмайды. Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар ПТР тестін елден шығу кезінде, БАӘ-ге ұшып келу кезінде және Қазақстанға қайтып оралу алдында тағы бір рет тапсыруы қажет болатын. Енді олармен бірге коронавирусқа теріс ПТР сынағы туралы анықтама алу жеткілікті, алайда оны 96 сағатқа дейін істеу керек. 12 жасқа дейінгі балалар мен орташа немесе ауыр мүгедек балалар осы талаптардан босатылады. Сондай-ақ, транзиттік жолаушыларға баратын ел талап етпесе, сапар алдында тест қажет емес.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная