Әбу-Даби Қазақстанды "жасыл тізімге" қосты

© pixabay.com

Әбу-Дабиге ұшып келген қазақстандықтар міндетті карантин шараларынан босатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Arabianbusiness.com басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әбу-Дабиге ұшып келген қазақстандықтар міндетті карантин шараларынан босатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Arabianbusiness.com басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Әбу-Даби мәдениет және туризм департаменті елдердің "жасыл тізімін" жаңартты. Енді Қазақстаннан келген жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасына қонғаннан кейін міндетті карантин шараларынан босатылды және Әбу-Даби әуежайына келгеннен кейін коронавирусқа ПТР-тест тапсыруы керек.

Сондай-ақ, "жасыл тізімге" Марокко, Сауд Арабиясы, Аустралия, Бутан, Бруней, Қытай, Гренландия, Гонконг, Исландия, Маврикий, Жаңа Зеландия және Сингапур кірді. Бұл тізім аталған мемлекеттердің азаматтарына ғана емес, сол елдерден келетін жолаушыларға да қатысты болып отыр.

Реклама
Реклама

Әбу-Даби шетелдік туристерді өткен жылдың 24 желтоқсанынан бастап кіргізді, бірақ әмірлікке кіру үшін коронавирустың алдын-алу шаралары, соның ішінде Дубайдан келгендер үшін де қатаң шаралар қолданылды. Мысалы, 10 күн оқшаулану міндеттелді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная