Wi-Fi қолданғаны үшін жұмыстан шығарылған стюардесса 10 млн теңге өтемақы өндіріп алған

Фото: pixabay.com

Finnair әуекомпаниясының стюардессасы негізсіз жұмыстан шығарылғаны үшін әуекомпаниядан 10 млн теңге өтемақы өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі финляндиялық Helsingin Sanomat басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Finnair әуекомпаниясының стюардессасы негізсіз жұмыстан шығарылғаны үшін әуекомпаниядан 10 млн теңге өтемақы өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі финляндиялық Helsingin Sanomat басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, стюардесса клиенттерге арналған Wi-Fi желісін пайдаланғаны үшін жұмысынан қуылған. Ол жолаушылардың аты-жөні мен орындықтарының нөмірлерін көрсетіп, желіге 19 рет кіріп, тыйымды бұзған.

Осы жағдайдан кейін тасымалдаушы 123 қызметкеріне қатысты тергеу жүргізді.

Реклама
Реклама

Салдарынан бортта 36 рет интернет байланысын пайдаланған тағы 22 қызметкер жұмысынан айырылды. Қалғандарына қатаң ескерту жасалды.

Бұл ретте клиенттердің Wi-Fi желісіне әуекомпанияның 700-ден аса қызметкері қосылғаны белгілі болды.

Finnair әуекомпаниясының жұмыстан шығарылған стюардессасы негізсіз жұмыстан шығарылдым деп санап апелляциялық шағым түсірді. Сот әйелдің пайдасына шешім шығарып, компанияны 21 мың еуро (10235861 теңге шамасында) өтемақы төлеуге міндеттеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная