Ыстамбұл - Маракеш бағытында ұшып бара жатқан Turkish Airlines ұшағында жолаушының өзіне қол жұмсауына байланысты Алжирге қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Нaber7 басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, шетелдік жолаушы әжетханаға кіріп кетіп, ұзақ шықпай қойғанда жолсеріктер бірдеңе болғанын сезгендей есікті сындырып кіріпті.
Жолсеріктер жолаушыны әжетханадан ессіз күйде алып шығып, оған алғашқы жәрдем көрсетіпті.
Қонуға мәжбүр болған ұшаққа асығып келген дәрігерлер жолаушының көз жұмғанын анықтады. Бұл жағдай суицид ретінде тіркелді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!