Turkish Airlines әуекомпаниясы енді Türkiye Hava Yollari деп аталады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда журналистерге айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазатын боламыз", - деді республика басшысы.
Ол бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының ағылшын тіліндегі Turkey-ден түрік Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты. Мамырдың соңында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу бұл туралы БҰҰ Бас хатшысына хабарлады, ал 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енді.
Тиісінше, елдің атауы бар флагмандық тасымалдаушының атауы да өзгереді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!