TripAdvisor нұсқасы бойынша туризм үшін үздік 10 бағыт аталды


TripAdvisor саяхат сайты туристер үшін ең тартымды бағыттарды жинаған Travellers' Choice Awards ("туристерді таңдау") рейтингін жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі CNN Travel басылымына сілтеме жасап.

Рейтингті Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай бастады.

"Дубай соңғы жылдары Travellers' Choice Awards рейтингінде біртіндеп көтеріліп келеді және қазір бірінші орында. Бұл - заманауи қала, онда барлығы бар: "алтын" жағажайлар, әлемдік деңгейдегі мейрамханалар және керемет қонақүйлер. Аталымдағы жеңіс оның туризмнің барлық саласында саяхатшылардан жақсы пікірлер алғанын білдіреді", - деді медиа-ресурс жетекшісі Джастин Рид.

Екінші орынды Лондон (Ұлыбритания), үздік үштікті Канкун (Мексика) түйіндеді. Олардың артынан Бали (Индонезия) және Крит (Грекия) келді. Фавориттер тізімінде Рим (Италия), Кабо-Сан-Лукас (Мексика), Ыстамбұл (Түркия) және Париж (Франция) бар. Хургада (Мысыр) әлемдегі ең жақсы туристік бағыттар тізімінде 10-орынды алды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.




Пікір жазыңыз

Осыған ұқсас мақалалар

Бортсерік ұшақта дәретхана қағазын неге пайдаланбау керегін айтты
Түркия медицина туризмін дамытуға ниетті
Туристер үшін арзан күншуақ елдер аталды