Thai Airways ұшақтарын сатып жатыр

Таиландтық Thai Airways әуекомпаниясы 34 жолаушылар ұшағын сатылымға шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Atorus басылымына сілтеме жасап.

Сатылымға шығарылғандар қатарында Boeing 747, Boeing 777-200/300, сондай-ақ Airbus A340-600, A340-500, 737-400 және А300-600 үлгісіндегі ұшақтары бар. Сатудан түскен барлық қаражат әуекомпанияның қарызын өтеуге жұмсалады, есеп бойынша қарыз мөлшері 300 миллиард батқа (шамамен 10 миллиард доллар) жетеді.

Жалпы есепте компанияда 96 ұшақ бар.

Таиландтық ұлттық әуетасымалдаушының ұзақ жылдар бойы қаржылық мәселелері болғаны белгілі. Бұл компанияның Таиландтың банкроттық ісі бойынша сотына жүгінуіне және 2020 жылдың мамырда бизнесті қайта құруға өтініш беруіне әкеп соқты. Сот өтінішті қыркүйекте мақұлдады.

Сонымен қатар, ашық деректер негізінде Bloomberg сарапшылары жыл соңына дейін дефолт жариялауы мүмкін әуекомпаниялар тізімін жасады: Aeromexico, AirAsia және Thai Airways. Сондай-ақ, Pakistan International, Танзанияның Precision Air, Бразилиялық Azul және Gol және Нигериялық Medview әуекомпаниялары өзін банкрот деп жариялауы мүмкін.