Saxo Bank әлемдік әуебайланысының қалпына келуі туралы болжам жасады

Saxo Bank сарапшысы халықаралық рейстер қашан қайта қалпына келетіні туралы пікірімен бөлісті. Банктің инвестициялық директоры Стив Джейкобсон әлем "ковидтан кейін" қалай өзгеретіні туралы болжам жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сарапшы үйреншікті өмір салты тек жартылай өз қалпына оралады деп болжайды, ал қашықтықтан жұмыс қалыпты жағдай болады, өйткені өнімді жұмыс істеу үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ. Компаниялар бұл жұмысқа қатынау уақыты мен ақшаны үнемдеп қана қоймай, көптеген адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартуға септігін тигізетінін айтты.

"Менің ойымша, іссапарлар шығу тиімді болмайды, компаниялар оларды қысқартады. Бірқатар компаниялар ешқашан бұрынғы жұмыс тәртібіне қайта оралмайтындығын айтқан. Бұл енді өзгермейтін тенденция болып қалады", - дейді Saxo Bank болжамдарының авторы Стив Джейкобсен.

Сонымен қатар, маман ұшуды баяу қалпына келтіру 2021 жылдың бірінші тоқсанында басталып, жазға дейін 70-80 пайызы қалпына келеді деп болжайды.

"Вакцинация төлқұжаттарына қатысты Еуропаға бұл нұсқа ұнайды, бірақ мен технология мен ғылым вирусты жақсы алдын алуды және бақылауды меңгеретініне сенімдімін", - дейді агенттіктің дереккөзі.

Енді әуекомпаниялардың басым көпшілігі туристерден теріс ПТР тестінің нәтижесі болуын талап етеді. Алайда австралиялық Qantas әуекомпаниясы бұған дейін вакцинация сертификаты олардың саяхаттарына қойылатын талаптардың тізіміне енгізілетінін хабарлаған. Бұл әлемдік туристік қоғамдастықта дау тудырды.