Michelin гиді қонақүйлерді бағалайтын болады

Плаза қонақүйі. Сурет guide.michelin.com сайтынан

Michelin гиді командасы әлем бойынша 5000-нан аса қонақүй мен меймандарды орналастыру нысандарын іріктеп, 2024 жылы қонақжайларға ерекше белгі бере бастайды. Ол "мишлендік кілт" деп аталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Michelin гиді командасы әлем бойынша 5000-нан аса қонақүй мен меймандарды орналастыру нысандарын іріктеп, 2024 жылы қонақжайларға ерекше белгі бере бастайды. Ол "мишлендік кілт" деп аталады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Michelin жұлдызы шеберліктің шыңына жеткен мейрамханаларға берілетіндей, Michelin кілті де әлемдегі қонақүй кәсібін дөңгелетіп отырған , өз ісіне берілген шеберлерге беріледі. ", - дейді гидтің халықаралық директоры Гвендаль Пулленнек.

Реклама
Реклама

Michelin жаңа жолнұсқасына 120 елден 5000-нан аса қонақүй ұсынылған. Олар бес критерий бойынша іріктелген: орналасқан жері және қонақүйдің ол жерді дамытуы, архитектура және интерьер дизайны, қызмет көрсету сапасы, жайлылық және техникалық құраушы, ғимарат ерекшелігі, оның қайталанбас әсері және баға мен сапа үйлесімі.

Алғашқы кілттер 2024 жылдың басында беріледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная