Lufthansa тегін тамақтану қызметін алып тастады

Lufthansa әуетасымалдаушы компания жолаушылар үшін тегін тамақтану қызметін алып тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұндай шешім 2021 жылдың көктемінен бастап күшіне енеді және бұл эконом санатындағыларға қатысты шара екен. 

"Стандартты тегін жеңіл тамақтану қызметі енді болмайды", - делінген әуекомпанияның хабарламасында. 

Austrian Airlines және Swiss International Air Lines әуекомпаниялары да осындай шешімге келген. Жолаушылар мәзір бойынша ақылы алады.

Осыған дейін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әуе тасымалы саласындағы болжамы бойынша, 2020 жылы жолаушылар трафигі 66 пайызға қысқарады, ал желтоқсан айында сұраныс 68 пайызға төмендейді. Әуеакомпаниялар шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдағанымен, олардың шамамен 50 пайызы тіркелген немесе жартылай тіркелген. Нәтижесінде шығындар кірістер сияқты тез қысқармайды. Сонымен, 76 әуекомпанияда операциялық шығындар 48 пайызға, ал кірістер 73 пайызға төмендеді.

"2020 жылдың төртінші тоқсаны өте қиын болады және 2021 жылдың бірінші жартысы айтарлықтай жақсаратыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Билік тарапынан қосымша қаржылық көмек болмаса, орташа әуекомпанияның қаражаты қазіргі жағдайдағы нормамен шығысты есептегенде небәрі 8,5 айға жетеді", - деді IATA бас директоры Александр де Жуньяк.