IATA: туристерге арналған тестер тегін болуы керек

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Вилли Уолш халыққа коронавирусты тестілеу тегін немесе кем дегенде қолжетімді бағамен болуы керек деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Қазір тек Франция үкіметі елдің шекарасын кесіп өту үшін қажет ковидтік сынақтардың шығындарын өтейді. Басқа елдерде тестілеу толығымен немесе ішінара саяхатшылардың өздері есебінен жүзеге асырылады. Әртүрлі мемлекеттегі бағалар шамамен 30 доллардан басталып, 200 доллардан асады.

Бүгінгі таңда азаматтардың бір елден екінші елге ұшуға кететін шығындары тек әуе билетінің құнынан ғана емес, сонымен қатар COVID-19-ға міндетті зерттеулерге жұмсалатын шығындардан да құралады. Бұл орташа алғанда жол құнын 45 пайызға, ал қайта тестілеу жағдайында 90 пайызға арттырады.

IATA бақылаулары ішкі рейстерде тестілеу талаптары алынып тасталған елдерде рейстерге сұраныс айтарлықтай өскенін көрсетеді. Дәл осындай нарықтық реакцияны халықаралық желілердегі сынақтардың баға мәселесін, әсіресе көп қолданылатын ПТР-тест бағасын реттеуден күтуге болады.

Вилли Уолштың ұсынысы бойынша, көлік және туризм саласындағы жұмыс орындарын сақтау үшін ПТР-тестің бағасын реттеу керек.