IATA өкілдері азаматтық авиацияны қай елдер тез қалпына келтіретінін айтты

Фото: pixabay.com

IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы сапарға шектеулер жеңілдегеннен кейін әлемдегі әуекомпаниялардың қалпына келу болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Media басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы сапарға шектеулер жеңілдегеннен кейін әлемдегі әуекомпаниялардың қалпына келу болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Media басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, компаниялардың жұмысы екі факторға: 1 - тұрақтылықты қамтамасыз ететін ішкі нарықтың болуына, 2 - елдерде вакциналаудың ілгерілеуіне байланысты болады.

Реклама
Реклама

Осылайша, осы параметрлер бойынша әлемдегі ең ірі 30 нарық қатысушысын салыстыра отырып, IATA кей ел жылдам қалпына келтіреді деп болжады. Мәселен, Қытайда ішкі жолаушылардың ең көп саны және вакциналаудың жылдам қарқыны байқалады.

Америка Құрама Штаттарындағы компанияларға да оң болжам жасалды. Бірақ Азия-Тынық мұхиты аймағының бірқатар елінде, соның ішінде Австралия мен Оңтүстік Америка елдерінде қалпына келтіру перспективасы төмен: бұл елдерде вакциналау қарқыны төмен болғандықтан, осы аймақтағы көптеген мемлекет кіруге қатаң шектеулерді сақтап қалды.

ЕО елдері туралы айтатын болсақ, IATA аймақтағы жаппай вакциналау деңгейі сапар шектеулерін біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді деп болжайды. Алайда, ЕО ішкі нарығы жергілікті тасымалдаушыларға сұраныстың жеткілікті тұрақтылығын қамтамасыз етпейді. IATA сарапшылары мұны нарықтағы компаниялар икемденіп, халықаралық нарықтарға қызмет көрсететін уақыт келді деп санайды, әйтпесе тез қалпына келу қиын болады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная