IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы әуе жолаушыларының жалпы саны 2024 жылы 4 миллиардқа жетеді деп болжайды. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz толығырақ айтып береді.
Business Travel News мәліметінше, мұндай көрсеткіш 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейдің шамамен 103 пайызын құрайды және бұл алдағы екі жылда авиацияның толық қалпына келуін білдіреді
Жаңа болжамға "омикрон" штамы теріс әсер етпеген. Сондай-ақ, соңғы мәліметтер Ресей мен Украина арасындағы қазіргі әскери қақтығысты ескерусіз жарияланды.
"Адамдар саяхаттағысы келеді және сапарға шектеулер алынып тасталғаннан кейін оралады. Қалыпты жағдай әлі алыс, бірақ жолаушылар санының өсу қарқыны оптимизмге негіз береді", - деді IATA бас директоры Вилли Уолш.
Фото ©Pixabay
2021 жылы саяхатшылардың жалпы саны 2019 жылғы деңгейдің 47 пайызын құрады. IATA бұл көрсеткіш 2022 жылы 83 пайызға, 2023 жылы 94 пайызға жетеді деп санайды. Сонымен бірге, қауымдастық былтыр 2019 жылғы деңгейдің 27 пайызын құрайтын халықаралық саяхатшылардың саны 2022 жылы 69 пайызға жетіп, 2025 жылы толық қалпына келеді деп болжайды.
IATA мәліметінше, халықаралық болжам бұрынғыға қарағанда "сәл оптимистік" және көптеген елде, әсіресе Солтүстік Атлант және Еуропа нарықтарындағы сапар шектеулерін жеңілдетуге немесе жоюға негізделген. Алайда қалпына келтіру аймаққа байланысты өзгереді және Азия-Тынық мұхиты әлі де артта қалады деп күтілуде.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!