Global Tourism Awards тұжырымы бойынша әлемнің үздік қонақүйлері аталды

Жыл сайын әлемнің үздік қонақүйлеріне берілетін Global Tourism Awards халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Марапат 50-ден астам елдің алты аймағының өкілдері арасында іріктелді, деп хабарлайды EIN Presswire. Қандай қонақүйлер жеңімпаз болғанын Kaztengritravel.kz порталы Aviata.kz пен бірге айтып береді.

2021 жылы Global Tourism Awards 3 000-нан астам аталым бойынша берілді. Финалға 500-ге жуық түрлі қонақүй өтті, олардың 100-і сыйлық лауреаттары болды. Бұл - Таяу Шығыс, Азия, Африка, Америка, Австралия, Океания және Еуропа елдерінің өкілдері. Номинанттардың 70 пайыздан астамы бутиктік қонақүйлер санатына жатады (әр бөлмесі өзіндік дизайнмен безендірілген, 10-нан 100-ге дейін бөлмесі бар шағын қонақүйлер).

Сонымен, Global Tourism Awards 2021 қазылар алқасының таңдауы мынадай:

Bunaken Oasis сүңгуір курорты және спа-орталығы - Индонезиядағы ең үздік бутик курорты

Oakwood Hotel & Residence Шри Рача - Таиландтағы ең үздік қонақүй

Leon курорты мен спа-орталығы - Үндістанның ең үздік орман курорты

Камчатканың құпиясы - Петропавл-Камчаткадағы ең жасыл қонақүй

Амари Дакка - Бангладештегі ең үздік бренд-бизнес қонақүй

Kalya Suites - Димос Санторинидегі (Грекия) ең үздік бутик қонақүйі

Merit Royal & Premium - Кипрдегі ең жақсы люкс қонақүй, казино

Tigre de Cristal курорттық қонақүй - Владивостоктағы ең үздік бес жұлдызды қонақүй

"Сулаф" люкс қонақүйі - Иорданиядағы ең үздік қалалық қонақүй

Orbi City Hotel - Батумидегі ең үздік жағажай қонақүйі


Батуми, Грузия. Фото ©Shutterstock

Howard Johnson Plaza By Wyndham Dubai Deira - Дубайдағы ең үздік төрт жұлдызды қонақүй

"Дзимбахве" - Ең үздік отбасылық қонақүй, Зимбабве

Bandara Suites Silom - Бангкоктағы ең үздік қалалық қонақүй

Residence Inn by Marriott Montreal Downtown - Ең үздік отбасылық қонақүй

Heritage Hill - Афинадағы ең үздік төрт жұлдызды бутик-қонақүй 

Hilton Ras Al Khaimah Beach Resort - Рас Эль-Джаймдағы ең үздік люкс жағажай курорты

Le Due Matote - үздік бутик-ретрит (ағылшын тілінен аударғанда "жалғыздық, қоғамнан алыстау" - саяхатшы рухани немесе физикалық дамумен айналысатын демалыс түрі)

"Артемиса" сарайы - Ретимнодағы (Грекия) ең үздік қалалық қонақүй

Royal Marmin Bay - Тек ересектерге арналған үздік бутик-отель, Крит аралы, Грекия

"Варезе" - Ең үздік заманауи қонақүй, ең үздік бизнес-қонақүй, Рим, Италия


Маскат жағалауы, Оман. Фото ©Shutterstock

"Атана Мусандам Оман" курорты - Оманның үздік курорты

Lotte Hotel Янгон - Янгондағы үздік қонақүй

Cocoon Suites - Грекиядағы үздік бизнес-қонақүй

EUROPROOMS - Ең үздік қонақүй, Турин, Италия

"Атитлан" апартаменттері - ең заманауы апартаменттер

DOUBLETREE BY HILTON, Газиантеп, Түркия - Үздік бизнес-отель

Grand Gloria - Грузиядағы үздік бес жұлдызды қонақүй

Вилла Вучев - Үздік люкс бутик-вилла, Велинград, Болгария

Orca Praia - Мұхитқа қарай әдемі көрінісі бар үздік қонақүй, Фуншал, Португалия

Château de Fonscolombe - Үздік сарай қонақүйі

"Торлиннхе" - Ең үздік қонақүй

Kartuli - Батумидегі үздік бутик-отель

Giovaldi's - Туриндегі "жатын бөлме және таңғы ас" типіндегі үздік қонақүй

Southern Plaza - Калькуттадағы үздік бутик-отель

Maru Maru - Занзибардағы үздік бутик-отель

Hawthorn Suites By Wyndham Abuja - Абуджадағы үздік төрт жұлдызды қонақүй

Protea (Marriott Kampala) - Үздік бизнес-отель, Кампала, Уганда


Доха, Катар. Фото ©Shutterstock

"Тауэрс" резиденциясы - Үздік қонақүй, Пондишери, Индия

"Триумф Плаза" - Каирдағы үздік бизнес-отель


Каир, Мысыр. Фото ©Shutterstock

Жеңімпаздарды іріктеудің негізгі талабы қызмет көрсету сапасы болды. Қазылар алқасы бүкіл әлем бойынша туризм саласындағы 50 жоғары білікті мамандардан жиналды. Әр үміткер қазылар алқасының екі раундынан өтіп, COVID-19 қауіпсіздік хаттамасы тексерілді. Биыл Global Tourism Awards байқауға қатысу үшін ақшалай жарналардан бас тартты, ал лауреаттарды жариялау үшін салтанатты рәсім ұйымдастырылмады.

Порталдың мәліметінше, GTA сыйлығын алған жеңімпаздарға әлеуметтік желідегі жарнамадан бөлек, жарнама қызметтері, сыйлықтар, сертификаттар немесе грамоталар ұсынылған арнайы жиынтық беріледі.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.