European Best Destinations нұсқасы бойынша Еуропадағы ең үздік 20 демалыс орны аталды

Любляна, Словения ©unsplash

European Best Destinations сауалнамасында 182 елден келген жарты миллионнан аса саяхатшы 2022 жылдың үздік еуропалық бағыттарына дауыс берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz. Нәтижесінде 400-ден аса бағыттың ішінен ең көп дауыс санымен 20-ы іріктелді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

European Best Destinations сауалнамасында 182 елден келген жарты миллионнан аса саяхатшы 2022 жылдың үздік еуропалық бағыттарына дауыс берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz. Нәтижесінде 400-ден аса бағыттың ішінен ең көп дауыс санымен 20-ы іріктелді.

Рейтингтің көшбасшысы Словенияның астанасы Любляна болды. Саяхатшылар қаланы ізденімпаз және іскер адамдар үшін орын ретінде сипаттайды. Мұнда сіз мәдениет пен өнердің ғимараттарын, сондай-ақ тыныш атмосфераны қамтамасыз ететін кең жасыл аймақтарды таңдай аласыз.

Реклама
Реклама

Марбелла, Испания ©unsplash

"Күмісті" Марбелланы (Испания) алды. Шопингті, керемет қонақүйлер мен мейрамханаларды, спорт пен ашық ауада демалуды ұнататындарға осы қалаға баруға кеңес береді. Үздік үштікте Францияның Амьені бар. Ол Париж - Лондон - Брюссель үшбұрышының жүрегінде жақсы орналасқандықтан таңдалады. Сонымен қатар, ол елдің ең жасыл қалалары арасында төртінші орын алады және Франциядағы ЮНЕСКО-ның үш мұрасы орналасқан жалғыз елді мекен.

Амьен, Франция ©freeimages

Еуропаның 20 үздік бағытының толық тізімі мынадай:

Любляна (Словения
Марбелла (Испания)
Амьен (Франция
Пловдив (Болгария
Лювен (Бельгия)
Орадя (Румыния)
Лондон (Ұлыбритания)
Неймген (Нидерланды)
Лахти (Финляндия)
Стамбул (Түркия)
Амальфи жағалауы (Италия)
Прага (Чехия)
Рим (Италия)
Бавария (Германия)
Афина (Грекия)
Клонакилти (Ирландия)
Вена (Австрия)
Люцерн (Швейцария)
Грац (Австрия)
Крит (Грекия)

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная