Emirates Дубайдағы қонақүйлерде тегін түнеуді ұсынады

Emirates әуекомпаниясы Дубай арқылы транзитпен ұшатын жолаушылар үшін қонақүйлерде тегін түнеуді ұсынады. Бұл қызмет түрі үш рейске қатысты, олардың түйісу уақыты 10-нан 24 сағатқа дейін созылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Emirates-ке сілтеме жасап. 

1 желтоқсаннан бастап Emirates әуекомпаниясы Dubai Connect бағдарламасын іске қосады, бұл дегеніміз қонақтар қонақүйде тегін тұра алады. Бұл қызмет түрі Дубайдың негізгі хабы арқылы транзитпен (түйісу уақыты 10 сағаттан асқан жағдайда) ұшатын әр санаттағы жолаушылардың барлығына жарамды. Жолаушылар төрт не бес жұлдызды қонақүйлерде тегін тұруға, әуежайға бару және қайту, тамақтану және қажет болған жағдайда БАӘ-ге келісімен виза рәсімдеу мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Emirates жолаушылары сақтандыру полисін алады, ол COVID-19 жұқтырған жағдайда шығындарды да жабады. Сонымен қатар, сақтандыруға жүкті жоғалту, жазатайым оқиғалар, әуе кеңістігінің кенеттен жабылуына байланысты сапардың бұзылу қаупін қамтиды.

Осыған дейін, қазақстандықтардың Дубайға барған сәтінде коронавирусқа қайталама тест тапсыру қажет еместігі айтылды. Өйткені БАӘ билігі Қазақстанды "қауіпті елдер" тізімінен алып тастаған.