Costa Cruises круиз компаниясы 2021 жылы мамырдан бастап жолға шығатынын жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.
Италия мен Еуропалық Одақтың басқа елдері портта болатын туристерге шектеулер қоюына байланысты круиз кешіктірілді.
Компания басшылығы енді 3, 5 немесе 7 күндік круиздер қолжетімді болады деп отыр. 2021 жылғы 12 маусымнан бастап Жерорта теңізі бойынша классикалық рейстер Италияның солтүстігіндегі порттарға кіре отырып қайта басталады. Осы уақытта туристер Саванна, Специя, Чивитавеккья, Неаполь, Мессина және Кальяриге бара алады.
Costa Cruises баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, Costa Smeralda лайнері Триестен кетеді және бір апта ішінде жолаушылар Хорватия мен Грекияның бірқатар қаласына барады. Сондай-ақ, мәлімдемеде круиз жолаушылары мен экипаж мүшелері шектеу шараларын қатаң сақтайтыны туралы жазылған.