COVID-19 вакцинасын күтүдің қажеті жоқ - сарапшылар туризмді жандандыру туралы

Дүниежүзілік саяхат және туризм Кеңесі (WTTC) Халықаралық әуежайлар Кеңесі (ACI), Дүниежүзілік экономикалық форум(ДЭФ), Халықаралық сауда палатасы (ICC) бірлесе отырып, халықаралық туризм мәселесі COVID-19 вакцинасын күтпей-ақ қайта қалпына келтірілу керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily басылымына сілтеме жасап.

Ұйымдар туристік индустрияны бастау үшін вакцинацияны күту қажет емес деп санайды, өйткені бұл қазірдің өзінде қайта жандандыруды қажет ететін, онсыз да зардап шеккен салаға зиян тигізеді. Жылдам қайта іске қосу өндірістің өзінде де, онымен байланысты салаларда да миллиондаған жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ әлемдік экономиканы сақтауға көмектеседі,- дейді мамандар.

"Вакцинациялау саяхатқа шығарда міндетті болмауы керек, бірақ COVID-19 сынағымен қатар жүруі шарт", - деп түсіндіреді WTTC президенті және бас атқарушы директоры Глория Гевара. Мамандардың айтуынша, ұшу алдында сынақтан өтіп, маска режимін және басқа да қауіпсіздік шараларын сақтау жеткілікті.

Нәтижесінде WTTC осы мәселеде төрт аспектіні ұстануды алға тартты:

  • тасымалдау қаупін барынша азайту үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларды ұшар алдында жылдам және үнемді тестілеу;
  • - денсаулық пен гигиена хаттамаларын, яғни қатаң эпидемиологиялық шараларды сақтау;
  • - ұлттық үкіметтер Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының (ИКАО), Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің және Аурулардың алдын алу және бақылаудың Еуропалық орталығының ұсыныстарына сәйкес қауіптің алдын-алу бойынша нақты саясат қабылдауы керек. Бұл ұсыныстар іскери және рекреациялық саяхатқа әсер ететін 14 күндік карантиндік эпидемиологиялық шараларға қайшы келеді;
  • - саяхаттауға арналған сандық жол билеті (Travel Pass).

Вакцинациялау шектеу шаралары мен карантиндерсіз сапарды қайта бастауға арналған тестілеу нәтижелерін бірыңғай куәландыруды қамтамасыз ету үшін мынадай жаңа енгізулермен сандық жол жүру билеті (CommonPass, AOK Pass және IATA Travel Pass) қатар жүруі мүмкін.