Сарапшылар COVID-19 пандемиясынан ең көп зардап шеккен туристік бағыттарды атады. Мамандардың талдауы бойынша туристерге аса мұқтаж елдердің рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily News сайтына сілтеме жасап.
Таиланд қаржы жағынан ең көп зардап шекті - шығындар ЖІӨ-нің 21 пайызын құрады. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағыт ай сайын орта есеппен үш миллионға жуық туристерді тартады. Қазір Таиландқа айына 500 мыңға жуық турист келеді. Ақша эквиваленті 83,15 пайызға төмендеп, 13,54 миллиард доллар әлеуетті кірісті жоғалтты.
Алайда, Таиланд айтарлықтай шығынға ұшыраған жалғыз бағыт емес. Туристердің азаюы бойынша бірінші орында Макао тұр. Мұнда демалушылар саны айына үш миллионға жуық адамға азайды. Ал Пуэрто-Рикода коронавирус пандемиясына байланысты 198 мың адам жұмысынан айырылды.
Жалпы алғанда, туристерге ең мұқтаж 10 бағыт мынадай:
1. Макао айына 3,283,848 туристен 491,419 дейін - 85,04 пайыз ;
2. Кипр айына 331,398 туристен 52,634 дейін - 84,12 пайыз;
3. Малайзия айына 2,175,065 туристен 361,060 дейін - 83,40 пайыз;
4. Таиланд айына 3,313,895 туристен 558,415 дейін - 83,15 пайыз;
5. Филиппиндер айына 688,409 туристен 123,545 дейін - 82,05 пайыз;
6. Маврикий айына 115,291 туристен 25,748 дейін - 77,67 пайыз;
7. Португалия айына 4,087,653 туристен 1,033,647 дейін - 74,71 пайыз;
8. Жаңа Зеландия айына 324,039 туристен 83,029 дейін - 74,38 пайыз;
9. Шри-Ланка айына 159,475 туристен 42,309 дейін - 73,47 пайыз;
10. Грекия айына 1,791,359 туристен 492,477 дейін - 72,51 пайыз.
Әуе билеттерін сату бойынша мамандар жоғарыда аталған елдердің бос жағажайлары мен көмекке шақыратын бейнеролигін жариялады.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!