Airbnb арқылы пәтер жалдаған турист жасырын 10 камера тауып алды

© pixabay

Америкалық турист Филадельфияда Airbnb сервисі арқылы пәтер жалдап, артынша сол үйден оннан аса жасырын камера тапқаны туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды New York Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық турист Филадельфияда Airbnb сервисі арқылы пәтер жалдап, артынша сол үйден оннан аса жасырын камера тапқаны туралы әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды New York Post.

Twitter желісінде әйел құрбысымен Филадельфияда еңбек демалысын өткізу үшін қысқа мерзімге пәтер жалдаған. Түнгі қыдырыстан қайтқанда, әйелдер диванда ұйықтап қалған, ал таңда оянған кезде төбеде камераға ұқсас бір затты байқаған. Туристер үйді ақтарып шығып, тағы 10 жасырын камера тапқан. Олар жуынатын бөлмедегі, жатын бөлмедегі өрт кезінде қосылатын дабыл қаққышта жасырылған. 

Реклама
Реклама

Қыз бала осы жағдайды әлеуметтік желіде жазған. Ол дереу Airbnb өкілдері мен полицияға хабарласқан. Алайда жауапты тек екі күн өткеннен соң алған. Полицейлердің тергеу шараларынан кейін пәтерде ешқандай бақылау жүйелері жоғы айтылған. Соған қарамастан туристерге пәтерде тұрғаны үшін берілген ақшаны қайтарып берген. 

BE CAUTIOUS BOOKING AIR BNBs! My friend & I recently stayed at a air bnb in Philadelphia with over 10 hidden cameras all over the house. Including the showers and bedrooms. Some were disguised as sprinkler systems but it has a camera lens. pic.twitter.com/nimx4L6koC

— ? (@foxytaughtyou) June 12, 2022
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная