Air Astana Қарабақтағы жағдайға қатысты үндеу жариялады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana әуекомпаниясы Әзербайжанның Қарабақта бастаған операциясына қатысты үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana әуекомпаниясы Әзербайжанның Қарабақта бастаған операциясына қатысты үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуетасымалдаушылар Air Astana және Fly Arystan Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны айналып ұша бастады.

"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты "Эйр Астана" компаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстер сол аумақты айланып жүзеге асырылады. Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауда", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тасымалдаушының айтуынша, олар жағдайды бақылап отыр және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық шараларды қабылдайды.

Айта кетейік, Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы іс шаралар басталғанын мәлімдеді. Никол Пашинян өз тарапынан Әзербайжанмен әскери әрекеттерді бастауға мүдделі еместігін айтқан.

Арменияда, Ереван орталығында, Қарабақтағы жағдайға байланысты антиүкіметтік митинг басталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная