88 жастағы зейнеткер Ұлыбританияны велосипедпен шарлап шықты

Ұлыбританиялық зейнеткер, 88 жастағы Лоуренс Брофи ел аумағын толықтай велосипедпен шарлап шыққан ең кәрі спортшы атанды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ол 25 күнде 1,4 мың шақырымды (Лендс-Эндтен Джон-о’Гротсқа дейін) жүріп өтіп, рекорд орнатты. Бұл туристік маршрут Ұлыбритания аралының ең шеткі нүктелерін (оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысты) қосады.

Алғаш рет бұл жолды Лоуренс Брофи 87 жасында жүріп өткен. Сосын ол өзімен жасты бір адамның осы саяхатты жасағанын естиді. Содан кейін сапарды қайталауды ойға алады. 

"Менде велосипед бұрыннан бар, бірақ мен оны тек алыс емес жолдарға қолданушы ем, серуендеу үшін, не дүкенге бару үшін. Соңғы жылдары ғана мен оны көбірек пайдалана бастадым, өйткені жүгіру үшін қартайғанымды сездім", - дейді ол.