83 жастағы француз әлемді шарлау үшін күніне бір доллар жұмсады

Фото: pixabay.com

Францияда зейнеткер өмір бойы күніне доллар жұмсап, 1955 жылдан 2005 жылға дейін әлемнің барлық елін аралады. Жергілікті Brut онлайн басылымы саяхатшымен видеосұхбат жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияда зейнеткер өмір бойы күніне доллар жұмсап, 1955 жылдан 2005 жылға дейін әлемнің барлық елін аралады. Жергілікті Brut онлайн басылымы саяхатшымен видеосұхбат жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Францияның 83 жастағы тұрғыны Андре Брюжиру (André Brugiroux) 17 жасында жұмыстан шығып, Шотландияға алғаш рет барғанын және сол кезде ұзақ сапарға шыққанын айтты. Ол сол кезде қаржылық қиындықтарға тап болғанын атап өтті, сондықтан күн сайын бір доллардан артық жұмсамау ережесін қабылдаған.

Брюжиру автостоппен жүрді, қонақүйлерде тоқтамады және мейрамханалардан бас тартты. Мәселен, зейнетке қарай турист 251 елге барып, автостоппен 400 мың шақырымға жуық жол жүріп өтті.

Реклама
Реклама

"Сапар барысында не қызықтырды? Адамның жан дүниесі. Саяхат кезінде мен әртүрлі елдің азаматтарына түрлі сұрақ қойдым, әлемді олардың көзімен көргім келді. Мен оны сәтті орындадым", - деп бөлісті саяхатшы.

Ол сол кезде қазіргі заманғы туристерге қолжетімді техникалық мүмкіндіктер жоқ болғанын атап өтті.

"Тек қағаз картасы мен компас, сонымен қатар адамдармен тікелей қарым-қатынас жасау, сұрақ қою және сыпайы болу", - деп еске алады Брюжиру.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная