30 жастағы экстремал Реми Лучиди Гонконгта 68-қабаттан құлап мерт болды. Ол Tregunter Tower кешеніне өрмелеп шықпақ болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Gazeta.ua басылымына сілтеме жасап.
Шамамен 18:00-де Лучиди үйдің күзетшісіне келіп 40-қабатта тұратын досының пәтерінде қонақта болғанын айтқан. Ол айтқан адам оның таныс еместігін айтқан соң, күзетшілер оны тоқтатқан. Алайда ол қашып үлгеріп, лифтке кірген.
Бейнебақылау камераларынан Лучидидің 49-қабатқа көтеріліп, текпешекпен шатырға шыққанын көруге болады. Күзетшілер шатырға шығатын люктің ашық тұрғанын көрген, алайда ер адам табылмаған.
Реми Лучиди 19:38-де тірі болған, ол пентхаус терезесін тоқылдатқан. Қызметші әйел осыдан кейін полиция шақырған.
Полиция мәліметінше, Лучиди пентхаус сыртында тұзаққа түскен және терезені тоқылдатқан кезде көмек сұраған.
Оқиға орнында Лучидидің камерасы табылды, онда оның қауіпті оқиғасы түсірілген.
Полиция әзірге өлімнің қалай болғанын айтпады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!