Корея Республиканың Оңтүстік Кенсан провинциясындағы шағын фермерлік ауылда "Адвокат Ву" (Extraordinary Attorney Woo) сериялында үлкен тас ағашы көрсетілгеннен кейін келушілер саны күрт өсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі The Korea Times газетіне сілтеме жасап.
500 жастағы ағаш "Адвокат Ву" сериялының бірнеше эпизодында көрсетілді. Ол кішкентай төбенің басында Садок-дон деп аталатын ойдан шығарылған ауылдың орталығында болды және елді мекеннің қамқоршысы болып саналды.
Сериал түсірушілер жол салу үшін оны кесіп тастағысы келеді. Сюжетке сәйкес, ағашты табиғи ескерткіш деп жариялау үшін басталған үкіметтік тексеру құрылысты тоқтатып, ағашты құтқарды.
Шынайы өмірде 500 жылдық ағаш Донгбу ауылында - Чханвонда орналасқан. Ағаштың жуандығы - 6,8 метр, биіктігі - 16 метр. 2015 жылдан бастап ағаш жергілікті үкіметтің қорғауына тіркелген.
Бұл ағаш орналасқан ауыл өте кішкентай. Онда шамамен 70 адам тұрады. Сериялдағы ағашты көрсеткеннен кейін ауылдағы туристер саны күрт өсті. Сапардың суреттері әлеуметтік желілерді жаулады.
Осындай назардың арқасында Мәдени мұра басқармасы (CHA) ағаштың табиғи ескерткіш ретінде танылуға лайық екенін тексеруге шешім қабылдады. Олар мұны өткен жылы, "Адвокат Ву" сериялының премьерасына дейін жоспарлағанын атап өтті.
"Біз ағаштың формасын, жасын және өсу жағдайларын ескере отырып, мәдени мұра ретінде құнды деп санаймыз. Жақын арада біз жергілікті жерде сарапшылардың, жергілікті билік өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен тексеруді бастаймыз және оны табиғи ескерткіш деп жариялау туралы шешім қабылдаймыз", - делінген CHA хабарламасында.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!