2024 жылы Түркиядағы қонақүйлерде "Бәрі қосылған" жүйесі сақталады

Фото: depositphotos.com

Түркияның Ресейдегі елшісі Танжу Билгич 2024 жылы елдегі қонақүйлерде "барлығын қамтитын" форматты сақтау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Ресейдегі елшісі Танжу Билгич 2024 жылы елдегі қонақүйлерде "барлығын қамтитын" форматты сақтау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ол әртүрлі орналастыру түрлері бар Түркияға көптеген туристер келетінін атап өтті. Дипломат барлығын қамтитын формат осы түрлердің бірі екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Барлығын қамтитын қонақүй форматын ұсынатын қонақүйлер келесі жылы мұны жалғастыратынына сенімдімін. Орналастырудың бұл түрі үшін мүмкіндіктер болады", - деді Билгич осы форматты қайта қарау туралы бастамаға түсініктеме бере отырып.

Бұған дейін Жерорта теңізі туристік қонақүйлері мен операторлары қауымдастығының президенті Каан Кавалоглу барлығын қамтитын форматты ішінара қайта қарауды ұсынды. Ол "пайдалану кезінде төлеу" форматын қарастыруды айтқан болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная