2024 жылы ең қолжетімді туристік бағыттар тізімі жарияланды

© pixabay.com/harmeet9000

Қазіргі заманда саяхаттау деген қомақты қаражатты жұмсау деген сөз емес. Аз ақшамен біраз жерді көруге болады. Tengritravel.kz ең қолжетімді бағыттар туралы жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі заманда саяхаттау деген қомақты қаражатты жұмсау деген сөз емес. Аз ақшамен біраз жерді көруге болады. Tengritravel.kz ең қолжетімді бағыттар туралы жазады.

TimeOut басылымының мәліметінше, E-commerce әлем бойынша қай бағыттарға саяхаттау тиімді болатынын зерттеген. Олар көлік тасымалы, туристік көрнекі орындарға бару және кіру құнын, орналасу және жергілікті тағамдардың бағасын салыстырған.

Бірінші орын Үндістан астанасы Нью-Делиге бұйырды. Бұл қала мүмкін болған 80 ұпайдың 69,2 пайызын иеленген. Мұнда жергілікті тағамды небәрі 1000 теңгеге алуға болады. Көлік тасымалы да өте арзан. Сонымен қатар демалыс күндері қонақүйге тоқтау немесе пәтер жалдау - 49,40 доллар (25 000 теңгеден аз).

Реклама
Реклама

Вьетнам астанасы Ханой екінші орынға жайғасты, қоғамдық көлікте жүру - 0,29 доллар (150 теңгеден аз). Үшінші орын Каирге бұйырды, онда сусындар 1,43 доллар (шамамен 600 теңге) тұрады.

2024 жылы ең қолжетімді туристік бағыттар тізімі мынадай:

  1. Нью-Дели, Үндістан;
  2. Ханой, Вьетнам;
  3. Каир, Мысыр;
  4. Ыстамбұл, Түркия;
  5. Хургада, Мысыр;
  6. Бали, Индонезия;
  7. Бангкок, Таиланд;
  8. Марракеш, Марокко;
  9. Пхукет, Таиланд;
  10. Рио-де-Жанейро, Бразилия.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная