2023 жыл аяқталмаса да, қазірден саяхатшылар келесі жылға сапарларын жоспарлап жатыр. American Express саяхат бойынша өз мәліметтеріне сараптама жүргізіп, 2024 жылы туристер арасында танымал болатын бағыттар тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Americanexpress.com порталына сілтеме жасап.
Танымал орындар тізімі Amex карта-мүшелерінің брондау негізінде құрастырылған. Портал мәліметінше, 2019 бен 2023 жылдары аралығында өсім айтарлықтай болған. Осы сараптамада бір бағыт ерекше көзге түседі, ол танымалдылық бойынша көшбасшы болған: Жапония - туристік бағытта Z буынының және миллениалдар арасында өте танымал. Оның көрсеткіші Amex брондау мәліметінше 2019-2023 жылдары 1300 пайызға ұлғайған.
Amex брондау мәліметінше, саяхатшылардың келер жылы баруды жоспарлайтын 10 бағыт мынадай:
- Аделаида Хиллс, Аустралия;
- Бодрум, Түркиия;
- Черво, Италия;
- Сент-Китс және Невис;
- Нисеко, Жпония;
- Сан-Мигель-де-Альенде, Мексика;
- Санта-Фе, Нью-Мексико, АҚШ;
- Сейшел аралдары;
- Удайпур, Үндістан;
- Церматт, Швейцария.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.