2023 жылы Түркияда демалыс қымбаттайды

Түркиядағы демалыс келер жылы қымбаттайды. Қонақүй иелерінің айтуынша, бес жұлдызды қонақүйде тұр у екі есе өседі, ал одан төмен санаттағылар 30 пайызға қымбаттайды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Қонақүй бизнесінің өкілдері үлкен сұранысты бірінші себеп ретінде айтады. Шілде және тамыз айларында Түркияның курорттық қалаларындағы қонақүйлер 100 пайызға жуық толған. Тіпті қазір де бос орындар жоқ.

Екінші жағынан, бағаларға жоғары азық-түлік инфляциясы әсер етті. Жыл басынан бері Түркиядағы кейбір өнімдер бес есе қымбаттады және шығындарды өтеу үшін билік қонақүй қызметкерлерінің ең төменгі жалақысын көбейтуге шешім қабылдады.

Қазірдің өзінде қонақүйлер бағасы 20 пайызға көтерілген. Дегенмен, ерте брондау акциялары арқылы жеңілдіктерді пайдалануға болады.

Осыған дейін Түркиядағы қонақүйлер мен турпакеттердің бағасы электр қуатының өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін екені айтылған. Жыл басынан бері айтарлықтай өскен ағымдағы бағаларға қатысты тариф қаңтарға қарай үш есе өседі деп күтіледі. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда "тұру салығын" енгізу туралы заң күшіне енеді - қонақүйлер аумағында тұрғын үймен бірге сатылатын барлық қызметтерден 2 пайыз мөлшерінде алым төленетін болады.