2023 жылы саяхаттауға арналған үздік төлқұжат аталды

2023 жылы Жапония елінің төлқұжаты ең үздік деп мойындалды - онымен әлемнің 190 астам еліне визасыз кіруге болады. Henley & Partners халықаралық консалтингтік компаниясы Халықаралық әуе көліктері қауымдастығының (IATA) ресми мәліметтерін негізге ала отырып, құжаттардың ұтқырлық рейтингін жасады.

Рейтингте айтып өткендей бірінші орында Жапония төлқұжаты, онымен әлемнің 227 елінің 193-не визасыз кіруге мүмкіндігіңіз бар. Екінші орында Сингапур мен Оңтүстік Корея: бұл елдердің азаматтары визасыз 192 мемлекетке кіре алады. Үшінші орында Германия мен Испания төлқұжаты - 190 елге кедергісіз кіргізеді.

Топ-10 тізімге Финляндия, Италия мен Люксембург (189 ел), Аустрия, Дания, Нидерланды және Швеция (188 ел), Франция, Ирландия, Ұлыбритания имен Португалия (187 ел), Бельгия, Чехия, Норвегия, Жаңа Зеландия, Швейцария, АҚШ (186), Аустралия, Канада, Грекия жәнге Мальта (185), Венгрия мен Польша (184), Литва және Словакия (183 елге визасыз саяхаттау) енген.

Ал ең төменгі сатыда Сирия, Ирак және Ауғанстан төлқұжаттары тұр - 30, 29 және 27 елге визасыз кіргуе рұқсат.