Қазіргі таңда нәзік жандылар жалғыз саяхаттайды және бұл мәселеде ең маңызды мәселе - қауіпсіздік. Бұл мақалада шытырман оқиғалы саяхат барысында әйелдер өзін қауіпсіз сезініп, алаңсыз жүре алатын елдер жайлы оқи аласыз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қонақжайлылық, мәдениет пен қауіпсіздік тоғысқан, нәзік жандылардың саяхаты ыңғайлы, әрі ерекше, қауіпсіз өтуіне жағдай жасалған мемлекеттер жайлы баяндайды.
Испания
Испания әйелдер үшін ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады. Мұнда олардың құқықтарын қорғау және қолдау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіледі. Сонымен қатар, бұл таңғажайып елде көптеген көрікті жерлер бар: Саграда Фамилия, Альгамбра, Гуэль саябағы, Сеговиядағы Акведук және т.б.
Норвегия
Бұл ел әйелдер қауіпсіздігінің жоғары көрсеткішімен ерекшеленеді, ал Осло қылмыс деңгейі ең төмен қала болып саналады. Норвегия - көрікті жерлері көп таңғажайып ел. Сіз фьордтарды зерттеп, жаяу серуендеуге немесе тауға көтеріле аласыз, барлық жерде таңғажайып табиғат көрінісін тамашалауға болады.
Нидерланды
Бұл Еуропа елінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң заңдар мен шаралар қолданылады. Нидерланды өзінің әсем ауылдарымен, қызғалдақ алқаптарымен және мәдени көрікті жерлерімен, соның ішінде Амстердамдағы Рейксмузейімен туристерді тартпай қоймайды.
Швейцария
Швейцария қатаң қауіпсіздік шаралары мен қоғамды хабардар етудің арқасында зорлық-зомбылық ең төменгі деңгейін көрсетеді. Бұл елге келгенде өзіңізді бірден бірнеше Еуропа елдерінде жүргендей сезінесіз. Бұл Швейцарияның әртүрлі аймақтарында әртүрлі тілдерде сөйлейтін себебінен: Мысалы, Цюрихте - неміс, Женевада - француз, Тичинода - итальян тілінде сөйлейді.
Жапония
Жапония әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады, оның жыл сайынғы қылмыс деңгейі 100 000 әйелге небәрі 0,2 пайызды құрайды. Қалта ұрлығы сияқты әдеттегі тәуекелдерге қарамастан, бұл ел ерлер үшін де, әйелдер үшін де зорлық-зомбылық жоқ, қауіпсіз болып қала береді. Сіз өнер немесе аниме мәдениетін зерттеуші болсаңыз да, ашық ауадағы іс-шараларды немесе үлкен қалаларды жақсы көресіз бе, тамақ ішкіңіз келе ме немесе жай ғана жағажайда күнге қыздырынғыңыз келе ме, маңызды емес, Жапония осының бәрін және артығымен ұсынатын қонақжай ел болып табылады.
Франция
Бұл елде әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғаудың құқықтық базасы жасалып, әйелдердің құқығын бұзуға жол берілмейді. Француз заңнамасындағы маңызды құқықтық шаралар медицина қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында жәбірленуішге қатысты құпияны жариялау құқығын береді.
Франция Эйфель мұнарасының фонындағы таңғажайып фотосуреттерден басқа да көп нәрсе ұсынады. Луврға, Нотр-Дам шіркеуіне (жақын арада ашылады), Прованстағы шарап зауыттары мен лаванда алқаптарына экскурсияға баруға болады.
Айтпақшы, Bounce туристік қосымшасы нәзік жанды саяхатшылар үшін ең қауіпсіз елдердің тізімін жасады.
Алғашқы 15 ел мыналар:
- Испания
- Норвегия
- Нидерланды
- Ирландия
- Австрия
- Словения
- Швейцария
- Бельгия
- Португалия
- Швеция
- Германия
- Жапония
- Польша
- Ұлыбритания
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.