2023 жылы баруға кеңес берілмейтін ең қауіпті елдер аталды

Медицина және қауіпсіздік саласы бойынша International SOS маманы Ауғанстанды туристер үшін әлемдегі ең қауіпті ел деп атады, - деп хабарлайды Businesstravelnewseurope.com.

Баруға кеңес берілмейтін елдер тізімінде ("Тәуекел картасы - 2023) екінші орында Сирия тұр. Одан кейін ұйым Украина, Мали және Иракты қойған.

2023 жылы айтарлықтай ерекшеленген Украина мен Мали болды. Ал қалған елдер 2021 және 2022-де де тізімде болған.

Қауіпсіздігі "төтенше жағдайлар" санатына кіретін басқа елдерге Орталық Африка Республикасы, Йемен, Сомали және Оңтүстік Судан, сондай-ақ Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы, Пәкістан, Мозамбик және Израильдің кейбір аудандары кіреді.

International SOS жыл сайынғы тәуекел рейтингі туралы баяндамасында Украинадағы қақтығыстарға және өмір сүру құны дағдарысына байланысты Еуропадағы әлеуметтік толқулардың жақында өсуіне қарамастан, Еуропадағы қауіпсіздік "тұрақты" болып қала беретінін атап өтті. Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдер де қауіпсіздік деңгейі өте жоғары.

Солтүстік Африканың Сахел аймағында соғыс қаупі мен қылмыс деңгейі өсіп жатыр. Оған Колумбия қосылды, бұл ішінара пандемияның әлеуметтік-экономикалық әсеріне байланысты.

Тізімнің қарама-қарсы жағындағы қауіпсіз елдер Норвегия, Финляндия, Швейцария, Дания және Исландия болды.