Сарапшылар 2022 жылы туристер баратын ең қауіпсіз елдерді атады. Рейтинг жасаған кезде әлеуметтік тәртіпсіздік, саяси зорлық-зомбылық және пандемия салдары ескерілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.
International SOS Халықаралық денсаулық сақтау және қауіпсіздік компаниясының жаңа зерттеуі қай елдер 2022 жылы ең сенімді және қауіпсіз деп танылғанын көрсетті. Бірінші орынды Норвегия алды. Сарапшылардың пікірінше, бұл - қылмыс деңгейі өте төмен бейбіт ел. Норвегияда терроризм, сондай-ақ саяси қудалау немесе әлеуметтік тәртіпсіздік қаупі өте төмен.
Әрі қарай, ең қауіпсіз бағыттар рейтингінде тағы бір скандинавиялық ел Финляндия тұр. Қылмыс деңгейі төмен, сондай-ақ ереуілдер, саяси зорлық-зомбылық немесе терроризм қаупі жоқ.
2022 жылы саяхаттауға қауіпсіз Швейцария топ үштікті жабады. Елдегі ірі қалаларда да: Цюрих, Берн және Женева қылмыс деңгейі төмен. Сарапшылардың пікірінше, шағын мемлекет саяси зорлық-зомбылыққа немесе әлеуметтік тәртіпсіздіктерге тап болуы екіталай.
2022 жылы әлемде ең қауіпсіз болатын 5 ел мынадай:
1. Норвегия
2. Финляндия
3. Швейцария
4. Дания
5. Люксембург
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!