2022 жылы туристерді қызықтыратын елдердің рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelDailyNews сайтына сілтеме жасап.
Ол үшін соңғы 12 айдағы Google іздеу деректері пайдаланылды. Рейтингтің көшбасшысы айына 102 100 іздеу нәтижесімен Түркия болды. Holiday компаниясы мамандарының пікірінше, ел демалыс форматтарының алуан түрлілігіне байланысты фаворитке айналды. Туристер Анталияға жағажай сапарын, Ыстамбұлдағы демалыс күндерін немесе Кападокияға романтикалық сапарды таңдай алады.
Кападокия, Түркия ©Pixabay
Екінші орында Грекия орналасқан, айына 90 мыңға жуық сұраныс бар. Сарапшылардың айтуынша, ел археология, тарих, өнер және философия әуесқойлары үшін керемет көрікті жерлерді, сондай-ақ бірнеше әдемі жағажайлар мен мөлдір таза суды ұсынады.
Мальдивтер айына 83 мыңнан астам сұраныс жинап, ең танымал бағыттардың үштігін жабады. Үнді мұхитындағы аралдардың танымалдығы соңғы жылдары күрт өсті. Туристерді ең алдымен, ақ құмды жағажайлар, көгілдір-көк су және су астындағы жарқын әлем қызықтырады.
Осы жылы саяхаттауға арналған ең танымал 10 елдің рейтингі мынадай:
Түркия - айына 102 100 іздеу.
Грекия - айына 89 800 іздеу.
Мальдивтер - айына 83 700 іздеу.
Испания - айына 74 320 іздеу.
Таиланд - айына 57 200 іздеу.
Кипр - айына 53 600 іздеу.
Мальта - айына 48 500 іздеу.
Мексика - айына 48,400 іздеу.
Италия - айына 45 400 іздеу.
Исландия - айына 44 600 іздеу.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!