2022 жылы ең бақытты демалыс орындары аталды

10 ең бақытты демалыс орындарының тізімі жасалды. Бұл туралы TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz хабарлайды.

Club Med компаниясы көптеген факторға сүйене отырып, 0-ден 100-ге дейінгі бақыт шкаласы бойынша әлемдегі ең бақытты демалыс орындарының тізімін жасады.

Тізімде бірінші орынды Индонезияның Бали аралы алды. Бұл саяхатшылар арасында ең танымал орын болды, олар күйзеліссіз бақытты демалуды іздейді. Мұнда көптеген ашық ойын-сауық, керемет санаторийлер мен сауықтыру орталықтары бар.

Фото @pixabay

Екінші орында Лас-Вегас болды. Қаладағы қауіпсіздік жоғары деңгейде. Бұл саяхатшылардың өздерін еркін сезінуінің және сапарлардың әрқашан бақытты болуының кілті болып саналады. Сонымен қатар, Вегас 40-тан астам ашық іс-шараны ұсынады. Олар авантюр саяхатшылар үшін де, қарапайым ойын-сауық іздеушілер үшін де тартымды.

Жаңа Орлеан мен Барселона инклюзивтілік тұрғысынан ерекшеленді. Бұл қоғамның барлық өкілінің мүмкіндігінше бақытты болуын қамтамасыз етті. Олар сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды иеленді.

Амстердам бесінші орында және әлемдегі ең жақсы бес қаланың ішінде жоғары қауіпсіздік ұпайына ие болды, бірақ сыраны сатып алу үшін ең қымбат орын болғандықтан ұпайы сәл төмендеді.

Амстердам, фото@pixabay 

Айтпақшы, сыра әуесқойлары Будапештің Еуропадағы ең арзан орынды ұсынатынын біледі. Венгрия астанасы алтыншы орынды иеленді.

Жетінші орында Ванкувер, сегізінші орында Сан-Франциско.

Дубай қауіпсіздік жағынан көшбасшы болды, осы аспект бойынша 100-ден 83 ұпай жинады. Ол тоғызыншы орында.

Рио-де-Жанейро ондықты жапты.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!