2021 жылы Анталияда қанша қазақстандық демалды

Анталия әуежайы Fraport AG аймаққа келген туристердің саны туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Коронавируспен байланысты шектеулерді біртіндеп алып тастаудың арқасында Анталиядағы жазғы туристер ағыны бүкіл 2021 жылға келгендердің санынан асып түсті. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында мұнда 1,5 миллионға жуық шетелдік қонақ келді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан Анталияға 41 114 турист келді. Сондай-ақ, қаңтар-маусым айларында Жерорта теңізі курорттық қаласына Польшадан 89 582 турист, Беларусьтен 46 372, Румыниядан 34 886, Молдовадан 33 530, Литвадан 22 114 және Сербиядан 20 000-нан аса азамат саяхат жасады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!