Нью-Йорк тұрғыны 14 ай қонақүйде карантинде болып, әсерін айтып берді. Бұл туралы New York Post жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
2020 жылдың наурызында 36 жастағы Роберт Маллиа бес жұлдызды қонақүйдің ерекше ұсынысына келісті - ер адамға ғимаратқа техникалық қызмет көрсету бойынша қарапайым тапсырмаларды орындай отырып, карантин кезінде жабық қонақүйде тұру керек болды. Бірақ қанша уақыт тұратыны алдын ала белгілі болған жоқ.
Америкалықтың айтуынша, қонақүйдің 307-ші бөлмесінде 14 ай оқшауланған өмірден кейін сол кеңістікке үйреніп қалған. Ол басында тыныштыққа үйренісе алмағанын да атап өтті.
"Апталар айға созылғанда мен "Шоушенктен қашу" сияқты бөлмеме үйреніп кеттім. Қазір камерама көңілім толады", - деп қалжыңдады ер адам.
Маллия күн сайын сағат 5:30-да тұратын болған. Содан кейін электрон поштасын тексеріп, бөлмелерді тексерген. Ақаулар болса, жөндеп шығады. Жеті күнде бір рет барлық дәретхана, душ пен қол жуғыштағы суды шайып отырған. Оның серігі қонақүйдің кезекші күзетшілері және апта сайын өрт қауіпсіздігін тексеретін бас инженер болған.