“132 жылдан кейін“: инженерлер маякты жөндеу жұмыстары кезінде бөтелкедегі хатты тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

Шотландияда маякты жөндеу жұмыстарын жүргізген инженерлер қабырғаға жасырылған бөтелкені тапты. Онда жұмбақ хат болаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шотландияда маякты жөндеу жұмыстарын жүргізген инженерлер қабырғаға жасырылған бөтелкені тапты. Онда жұмбақ хат болаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail басылымы мәліметінше, хат 1817 жылы Ирландия теңізіне қарайтын түбекте, Кирколм ауылына жақын жерде салынған Корсволл маягынан табылған.

Шыны бөтелкенің ішінен қауырсынмен жазылған хат табылған. Онда жаңа шам мен линзаны орнату, сондай-ақ маяк инженерлері мен қараушылардың есімдері туралы мәлімет жазылған.

"Бұл хат керемет, мен таңғалдым. 132 жыл өткен соң, осы бөтелкені алғаш ұстаған адам болу – шынымен де ғажап сезім. Мұндай олжа өмірде бір-ақ рет болады," – деді бөтелкені тапқан техник Росс Рассел.

Медиа деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта хат Корсволл маягін күтіп-ұстаумен айналысатын кеңес офисінде сақталып тұр. Алайда команда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оны қайтадан қабырғаға қоюды жоспарлап отыр.

Рассел және оның командасы болашақ маяк қараушылары табуы үшін бөтелкеде өздерінің хатын қалдыруды да жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная