1 ақпаннан бастап Грузияға тұрақты рейстер ашылады

© pixabay.com

Грузия 1 ақпаннан бастап тұрақты рейстерді қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Sputnik. Бұл туралы елдің экономика және тұрақты даму министрі Натия Турнава мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грузия 1 ақпаннан бастап тұрақты рейстерді қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Sputnik. Бұл туралы елдің экономика және тұрақты даму министрі Натия Турнава мәлімдеді.

"1 ақпаннан бастап біз тұрақты рейстерге рұқсат беру туралы шешім қабылдадық. Бұл дегеніміз барлық рейстерді орындайтын әуекомпаниялар немесе жаңа компаниялар Грузияға белгілі бір жүйемен ұшатын болады", - деді Турнава.

Реклама
Реклама

Рейстер қауіпсіздік шаралары мен медициналық хаттамаларды ескере отырып жіберіледі. Әр елдің туристері үшін Грузияға кіруді жеңілдету жоспарлары да талқыланып жатыр. Оның айтуынша, бұл бірінші кезекте ЕО, Израиль және Парсы шығанағының туристеріне қатысты.

"Жазға қарай біз барлық туристерді қабылдай аламыз", - деп қорытындылады Турнава.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная