Қазақстан әуежайларында VIP қызмет көрсетілетіндер тізімі кеңейеді

Қазақстанда әуежайдың арнайы бөлінген залдарында (VIP) қызмет көрсетілетін азаматтар тізімі кеңейеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі үкімет қаулысына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына мынадай толықтыру енгізілген.

Түзетуге сәйкес, енді "Алтын қыран" орденінің және "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлері де әуежайдың арнайы бөлінген залдары (VIP) қызметін пайдалана алады.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, сәуірдің басында Астана әуежайының Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырман назарын аударған видео пайда болды. Видеода VIP бөлмелер қандай болатынын көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!